ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары Қазалы ауданында жалғасуда.
Қазалыға ат басын тіреген қонақтар әуелі «Қазалы» конфет цехына аялдады. Мұнда оларды аудан әкімі Бақыт Жақанов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева мен цех меңгерушісі Нұрбек Қазбергенов күтіп алды.
Цех меңгерушісі қонақтарды жұмыс барысымен таныстырып, қойылған сауалдарға жауап берді. Басқарма басшысы Жазира Жылқышиева «Жол картасы-2020» бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстарды стенд арқылы көрсетті.
Мұнан кейін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен Премьер -Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған топ Қазалы көлік-техникалық колледжінде болды. Бұл жерді оларды облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев «дуальды оқыту» технологиясының ендіру жайымен таныстырды. Сондай-ақ, колледж ғимаратын аралап, оқу кабинеттерін көрді.
1929 жылы құрылған Қазалы транспорт-техникалық колледжінде 11 мамандық бойынша дәріс беріледі.