Қызылорда қаласында өткен «Бозторғай» балалар шығармашылығына арналған облыстық байқауға Қазалы ауданынан 24 өнерпаз қатысып, жүлделі қайтты. Ән, хореография, халықтық орындау жанрлары бойынша сынға түскен өнерпаздар Қазалының өнерлі өлке екендігін тағы бір дәлелдеп қайтты.
Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқау қорытындысымен оқушылар үйінің өнерпаздары Әсет Қуандық бас жүлде, Сымбат Бұзаубай 3-орын, Әйтеке би кенттік клубынан Зарина Ержігіт 3-орынды иеленіп келді. Ал би жанры бойынша өнер көрсеткен Қожабақы ауылының «Жұлдыз» би тобы 3-орынды қанжығаларына байлап қайтты. Терме орындаудан сынға түскен аудандық әуез мектебінің оқушысы Айдын Сәндібай 1-орын, С.Сейфуллин атындағы №165 мектеп оқушысы Батырбек Өтеп 2-орынмен жүлделі келді. Ал қалған 18 өнерпаз арнайы дипломмен марапатталған.