«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 14-15 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, жел
оңтүстік-батыстан 15-20, кейде екпіні 25 метр секундқа дейін көтеріледі.
Осыған байланысты, Қызылорда
облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына
қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.