Аралда ұн шығаратын элеватор іске қосылды

Аралда ұн шығаратын элеватор іске қосылдыАрал ауданында отандық инвестор тарту арқылы көптен бері тоқтап тұрған кәсіпорын іске қосылып, жаңа зауыт салу жұмыстары қолға алынуда. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте хабарлады.

Атап айтатын болсақ, аудан орталығындағы тоқтап тұрған бидай өңдеп, ұн шығаратын элеватор іске қосылды. Бұл элеватордың қуаттылығы тәулігіне 180 тн бидай тартып, одан 150 тонна ұн шығаруға мүмкіндігі бар.
Р.Өтешовтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда «Ранар» ЖШС «Аралым» ұнын және мал азығындық жемін сатылымға шығаруда. Алдағы уақытта осы кәсіпорын базасында макарон, нан өнімдерін шығаратын цех ашу, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу көзделуде. Қазіргі таңда кәсіпорын 36 адамды жұмыспен қамтып отыр.
«Сондай-ақ, химия өнеркәсібін дамыту мақсатында Жақсықылыш кентінде каустикалық және кальций қосылған сода өндіру зауытын ашу көзделіп отыр. Қазіргі таңда зауыттың техникалық экономикалық негіздемесі әзірленуде», - деді аудан әкімінің орынбасары.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2015 г. 829 0