Әкім халықпен бірге сенбілікке шықты

Әкім халықпен бірге сенбілікке шықтыАудан орталығы Әйтеке би кентінде бүгін сенбілік ұйымдастырылып, дербес бөлім қызметкерлері, білім, мәдениет, денсаулық саласы мен теміржол мекемелерінің мамандары кент аумағын тазалауға шықты.

Наурыздың 15-і мен мамырдың 15-і аралығында қала, кент, елді-мекендерді көркейту, санитарлық тазалау, көгалдандыру жөнінде екі айлықтың жарияланған,-деп хабарлады Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сенбілікке барлығы 600-ден астам адам қатысып, кент көшелері, саябақ, пен орыс-қорым аумақтары қалыпқа келтірілді. Сондай-ақ, жиналған қоқыстар арнайы техникалармен шығарылып, уақытша полигонға жеткізілді.

Мекеме қызметкерлерімен қатар аудан әкімі Бақыт Жахановта еңбек құралдарын қолға алып, іске білек сыбана кірісті.

Аудан орталығында ғана емес, тазалық жұмысы ауылдық округтердің барлығына жүргізілді. Осы ретте әрбір тұрғынның үй ауласын ретке келтіріп, тал егіп, өңір ажарын ашуға өз үлестерін қосқандары абзал.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2015 г. 760 0