ЕҚДБ биыл Қызылорда облысына 63 млрд. теңге инвестиция салады

ЕҚДБ биыл Қызылорда облысына 63 млрд. теңге инвестиция саладыЕҚДБ биыл Қызылорда облысына 63 млрд. теңге инвестиция салмақ. Бұл туралы кеше Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілі Бахтиер Файзиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында мәлiм еттi.

«Биылғы жылы біз Қызылордадағы қатты тұрмыстық қалдықтар секторы мен қала көшелерін жарықтандыру жұмыстарын дамыту бағытында екі несиелік келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда әкімдік пен коммуналдық сектордағы кәсіпорындардың қолдауымен жылу, электр, сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту бағытындағы жұмыстарды бастадық», - деді Б.Файзиев.

Оның сөзiне қарағанда, ЕҚДБ банкімен бекітілген жобалардың жалпы құны 63 миллиард теңгені құрайды.

«Еуропалық қайта құру және даму банкі 1993 жылдан берi Қазақстанға 6 млрд. доллар инвестиция құйды. Бiздiң компания - өңдеушi салаға ең көп қаржы құйған Қазақстандағы ең iрi инвестор», - деді ол.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2015 г. 722 0