« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бұл туралы бүгін форумға қатысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғалым Әмреев мәлім етті.
«28-29 сәуір күндері «Байқоңыр» халықаралық инвестициялық форумын өткіземіз. Біздің өңірдің ерекшелігі, біз осындай инвестициялық форумды жылына екі рет өткізіп жүрміз. Осы өтетін форум - 2013 жылдан бергі бесінші форум. Форум аясында бізге он шақты шетелдік қонақ келеді. Бұған дейін өткен төрт инвестициялық форумдарда 49 меморандум мен келісімшартқа қол қойылды. Жалпы айтқанда, бұл форумдар біздің өңірге үлкен серпіліс беріп жатыр», - дейді ол.
Оның сөзіне қарағанда, форумға қатысушылар зымыранның ұшырылу сәтін тамашалай алады. Ол үшін болашақ инвесторларға барлық жағдайлар жасалмақ.
«Байқоңыр» халықаралық форумы аясында біз негізгі шетелдік әріптестерімізді анықтап алдық. Соңғы жылдары біз Қытай, Түркия, Италия, Иранмен жақсы қарым-қатынас орнатып жатырмыз. Әр форумда кем дегенде екі үш жобаның тұсаукесерін жасаймыз. Форумға қатысушылар Байқоңырда зымыранның ұшырылу сәтіне куә болады. Сол жерде ЭКСПО мен туризмге қатысты секция өтеді. Келесі күні пленарлық отырыс өтеді», - деп атап өтті әкім орынбасары.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |