Егер сіз
тегіңізді қазақша алғыңыз келсе «Халыққа қымет көрсету орталығы» РМК филиалы арқылы кез-келген бөліміне барып
өтініш білдіруіңізге болады.
Ол үшін мына құжаттардың тізбесі қажет:
1) жеке басын
куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
2) белгіленген нысандағы өтініш;
3) көрсетілетін қызметті алушылардың туу туралы
куәлігі;
4) неке қию
(ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (егер некеде болсаңыз)
5) егер көрсетілетін
қызметті алушының кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлігі
6) көрсетілетін
қызметті алушының 3*4 мөлшердегі екі фотосуреті;
7) мемлекеттік баждың
бюджетке төленгенін растайтын құжат, яғни тіркеу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш
(бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Қызмет түрін тіркеу күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау
күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
Қосымша ақпарат алғыңыз келсе мына төмендегі нөмірге хабарласа аласыз:
Тел:230805/167
Қызылорда
қаласының №1 бөлімі