Ауыл тұрғындарының, кәсіпкерлердің бастамасымен Қызылжармада жаңа Тағзым алаңының құрылысы жүргізілуде. Тағзым алаңының жобасы ауыл ақсақалдары және ауыл тұрғындарымен мақұлданды. Тағзым алаңы ауыл орталығындағы мәдениет үйінің жанында орын теппек.
- Жобаның авторы, ауылымыздың тұрғыны, белгілі жобалаушы Самат Хабаров. Тағзым алаңында орналасқан ескерткіш гранит тақтайшаларда ауылдан соғысқа қатысқан азаматтардың аты-жөні жазылады, - дейді өзінің әлеуметтік парақшасында қала депутаты, кәсіпкер Ғалымбек Жақсылықов.
«Көп түкірсе, көл» демекші, ауыл кәсіпкерлерінен, тұрғындардан жиналған қаражатқа салынып жатқан Тағзым алаңын Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ашу жоспарлануда.