Ауған соғысының ардагеріне құрмет көрсетілді

Ауған соғысының ардагеріне құрмет көрсетілді Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы 60-жасқа толды. Мерейтой иесін бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қабылдап, құттықтады. Генарал-майор Әлімжан Ерниязов 1955 жылғы Қазалы ауданында дүниеге келген. 1977 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінде білім алған ол бүгінгі күнге дейін еліміздің қорғаныс саласында табысты еңбек етіп келеді.

 Әлімжан Қанағатұлы Ауған соғысының ардагері. Ол еліміздің түрлі аймақтарында қорғаныс саласын басқарып, ҚР қорғаныс министрлігінде де басшылық қызметтерде болған. Аймақ басшысы Ауған соғысында ерлікпен көзге түсіп, сарбаздарға қолбасшы бола білген, генерал-майор Әлімжан Ерниязов  бүгінгі жастарға үлгі өнеге боларлық тұлға екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Қызылорда облысының «Құрмет грамотасымен» марапаттап, жылы лебізін білдірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 сәуір 2015 г. 1 144 0