Қызылорда қаласында «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир аяқталды.
Биыл 19-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 16 команда қатысты. Жарыс нәтижесінде ұлдар арасында Қызылорда қаласының командасы топ жарды. Екінші орынды Ақтөбе қаласы иеленсе, Алматы облысының құрама командасы үшінші орынды еншіледі. Ал қыздар арасында Ақтөбе қаласының командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Қалған орындарды Павлодар облысы мен Қызылорда қаласының командалары бөлісті.
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Валерия Соколова (Ақтөбе қ.), Руслан Құдайберген (Қызылорда қ.), «Үздік төреші» номинациясымен Олег Ким, Алтынбек Жүсіпов (екеуі де Қызылорда қ.), Алексей Когай, (Шиелі ауданы), Болат Батырбеков, Диляра Мұсаева (екеуі де Жаңақорған ауданы) марапатталды. Сонымен қатар, «Үздік жаттықтырушы» номинациясымен Татьяна Кашакова (Қызылорда қ.) Ирина Бондаренько (Ақтөбе қ.), Ирина Шаврина (Павлодар облысы), Асқар Жылқыбаев (Ақтөбе қ.), Александр Жавзмагин (Қызылорда қ.) Айдын Аязбаев (Алматы облысы) марапатталды.