Ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті

Ардагерлер арасында шахматтан жарыс өттіҰлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай Қазалы ауданының ардагерлері арасындашахматтан жарыс өткізілді. Аудандық ардагерлер кеңесі мен спорт және дене шынықтыру бөлімі ұйытқы болған бәсекеде 8 ардагер бақ сынасты, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.


Үздік ойын өрнегін көрсеткен қарттар ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін тағы бір дәлелдеді. Ойында қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салды. Қатысушылардың бұл ойынға бірінші рет келуі емес. Осыған дейін де көптеген интеллектуалды ойындардың көрігін қыздырып жүрген жандар.

Қазалы спорт клубынының шахмат үйірмесінің жетекшісі Ә.Шүренов сайысқа әділ төрелік етіп, нәтижесінде зейнеткер Қасым Итеш жеңімпаз атанды. Ал ІІ орынды Нұрымбетов Махамбетияр, ІІІ орынды Есенжолов Қанатбай иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2015 г. 1 011 0