Қызылордалық дзюдошылар Тверьде өткен Еуропа кубогынан жүлделі оралды

Қызылордалық дзюдошылар Тверьде өткен Еуропа кубогынан жүлделі оралдыРесейдің Тверь қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан Еуропа кубогы мәресіне жетті. 20 мемлекеттен 350 спортшы қатысқан тартысты жарыс күндерінің нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрама командасы 3 күміс, 4 қола медаль олжалап, екінші орынды иеленді. Бірінші орынды Ресей, үшінші орынды Беларусь елдерінің командалары еншіледі. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.


Дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Арман Молдаханов жетекшілік жасаған жерлестеріміз облыс үмітін ақтап, жеңіспен оралды. Жекелей сында №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің спортшысы Марат Жанқожа 66 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені иеленсе, қармақшылық Дамир Әбдеков 60 келіде қола жүлдені жеңіп алды.

Спортшылар енді тамыз айында Югославияда өтетін әлем чемпионаты мен қазан айында Таиландта өтетін Азия чемпионатына дайындалу үшін үстіміздегі жылдың 30 сәуірі мен 2 мамыры аралығында Германияда болатын халықаралық турнирде бағын сынайды.

Қос спортшыны жарысқа Жанарбек Сансызбаев пен Қайрат Үсенов дайындады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2015 г. 688 0