«Абзал және Компания» серіктестігі «Әркімнің дауысы маңызды!» акциясын қолдайды

«Абзал және Компания» серіктестігі «Әркімнің дауысы маңызды!» акциясын қолдайды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ұйымдастырылып жатқан «Әркімнің дауысы маңызды!» акциясын қызылордалық тауарөндірушілер де белсенді қолдауда.  Солардың бірі – Қазақстан ғана емес өзге де ТМД елдері нарығын заманауи әрі ыңғайлы қаптамадағы сапалы күрішпен қамтамасыз етіп отырған «Абзал және К» Толық серіктестігі. 

«Абзал және Компания» Толық серіктестігі – қазақстандық күріш өндіруші компаниялардың үштігіне сенімді түрде енген, ауыл шаруашылығы саласындағы үздіксіз дамушы компаниялардың бірі болып табылады. «Абзал және Компания» Толық серіктестігі Қазақстан мен ТМД елдерінің аумағында өзінің нарықтағы позициясын дамыта отырып, едәуір ауқымға ие болып отыр. Бұл күндері компания өнімінің 35 пайызы экспортқа шығарылады. Бүгінде миллиондаған тұтынушылар өнімін таңдаған «Абзал және Компания» Толық серіктестігі арнайы Кәсіпкерлер палатасымен әзірленген «Әркімнің дауысы маңызды!» стикерлерін өз өнімдеріне жапсыру арқылы, акцияға қолдау білдіруде.
«Елімізде сайлау өткізу – уақыт талабы. Мемлекетіміздің алдында экономиканың өрістеуіне жол ашатын «Қазақстан-2050», «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру міндеті тұр. Бұл дегеніміз – жаңа жобалар, сапалы инфрақұрылым және жаңа жұмыс орындары. Бұл ретте, біз -  «Абзал және К» компаниясының ұжымы сайлауға барша қызылордалықтардың белсенді қатысқанын қалаймыз. Сол үшін де «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолға алған «Әркімнің дауысы маңызды!» акциясын толығымен қолдап, жүзеге асыруға үлес қосудамыз», - деді компанияның директоры, «Қазақстанның Еңбек Ері» Абзал Ерәлиев.    
 «Акцияны өткізудегі мақсат – бизнес-қоғамдастықты, әсіресе шағын және орта бизнесті, сондай-ақ тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға шақыру. Біздің кәсіпкерлер бастаманы зор ықыласпен қабылдап, «Әркімнің дауысы маңызды!» атты арнайы стикерлерді өздері өндіретін тауарларға жапсырып, таратуда белсенділік танытуда», - деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов.
 Мұнан өзге, Палата директорының айтуынша жақын күндері 30-дан астам мейрамханалар мен қонақүйлер, сондай-ақ әлеуметтік нысандарда акция аясында арнайы әзірленген күнтізбелер де ілінетін болады.   
Атап өткен жөн, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жауапты кезеңде азаматтарға әр дауыстың маңызды екендігін назарларына сала отырып, конституциялық құқықтарын пайдалануға шақырады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 сәуір 2015 г. 989 0