Шыны зауыттың эскиздік жобасы мақұлданды

Шыны зауыттың эскиздік жобасы мақұлдандыБүгін қала құрылысы кеңесінде Қызылорда қаласында жылына 197 100 тонна шыны табақшасын  өндіретін және өңдейтін зауыт құрылысының эскиздік жобасы мақұлданды. 

Шыны зауытының құрылысын Қызылорда қаласы, Титов мөлтек ауданында орналасқан индустриалдық аймақта жүргізу жоспарланып отыр. Зауыт күніне 600 тонна (жылына 197 100 тонна) шыны табақшасын өндіретін болады.         Шыны зауытына қажетті шикізатты Қызылорда облысында орналасқан Сарышоқы кен орнынан жеткізу көзделіп отыр. Қосымша қоспалар  Қазақстанның басқа облыстарынан, Ресейден, Қырғызстаннан және  Өзбекстаннан тасымалданады.  
Эскиздік жобаға сәйкес зауыттың қабырғалары сары және жасыл түстес сэндвич-панельдерден, есіктері мен терезелері ақ түстес алюминдік пластикалық профильдерден жасалады, ірге тасы қоңыр түстес керамикалық тастармен қапталып, шатыры темір профильмен жабылады. Жобалаушы «Промстройпроект Қарағанды институты» ЖШС-нің мамандары зауыт озық технологиямен салынатындықтарын айтты.
– Шыны зауыты облыс экономикасы үшін өте маңызды. Құрылыс жұмыстарына әрі сапасына аса мән беріңіздер, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Зауыт толықтай іске қосылған кезде 200 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталып, 2017 жылдың қазан айында толықтай аяқтау көзделіп отыр.     
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 сәуір 2015 г. 940 0