Қазалыда қазақ күресінен «Алтын-белбеу» жарысы өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Жеңістің 70 жылдығына арналған шараға 100-ден аса спортшы қатысып, бақ сынады, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
3 күнге созылған жарыс нәтижесінде І орынды үлкен салмақ дәрежесінде Меңдібаев Кәдірхан, орта салмақта Арықбай Абай, ал кіші салмақ дәрежесінде Мырзағұлов Ерлан жеңіп алды. Жүлдегерлерге «Нұр Отан» партиясының Қазалы аудандық филиалының арнайы сыйлықтары мен грамоталары тапсырылды.