Майдакөл ауылында мектеп салынады

Майдакөл ауылында мектеп салынады Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшрбаевтың Қазалы ауданы Майдакөл ауылының тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Ауылдағы №98 мектеп 1967 жылы салынған. Он жыл бұрын тұрғындардың көмегімен күрделі жөндеуден өтті. Дегенмен, қазір аппатты жағдайда. Білім ошағының қабырғалары қисайып, құлау қаупінде тұр. Бүгінде ескі мектепте 165 оқушы білім алуда. Екі жыл бұрын 200 орынға лайықталған мектептің жобалық-сметалық құжаты дайындалды. – Елбасы аппатты жағдайдағы мектептердің мәселесін алдыңғы кезекте шешуді тапсырды. Бұл бағытта жұмыстар жасалып жатыр. Осы Майдакөл ауылындағы мектептің мәселесін Ислам даму банкімен шешуді жоспарлап отырмыз, - деді мектептің жағдайымен танысқан облыс әкімі Қ.Көшербаев.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 сәуір 2015 г. 924 0