Қырымбек Көшербаев Қазалы жастарымен кездесті

Қазалы ауданына сапары барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудандық Жастар үйінде болды. Кездесу барысында «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Қуаныш, «Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің басшысы О.Ахметов жастар арасында атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырды. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыс әкімінің жастармен кездесуінде бірқатар жас кәсіпкерлер өңір басшысына өз кәсіптері туралы баяндап, ойларымен бөлісті.

Айта кетейік, «Жастар үйі» аудан әкімінің қолдауымен өткен жылы «Халықаралық жастар күніне» орай аудан жастарына берілген болатын. Бүгінде Қазалы ауданы бойынша 14-29 жас аралығындағы 20 716 жас бар. Яғни, аудан халқының 27,2 пайызы жастарды құрайды. 4 арнаулы оқу орнында 1600-ден астам студент білім алуда. Өткен жылы құрылыс жасағына 20 жас тартылса, үстіміздегі жылы бұл жұмысқа 50 жас кіріспек. Ал «Жасыл ел» еңбек жасағында өткен жылы 97 студент еңбек етсе, биыл 150-ге жетеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, аймақ басшысы жергілікті «Серік тв» телеарнасының жұмысымен де танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2015 г. 842 0