Ардагер «Менің Қазақстаным!» пойызы жұмысына сәттілік тіледі

Ардагер «Менің Қазақстаным!» пойызы жұмысына сәттілік тіледіБүгін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына келген «Менің Қазақстаным!» пойызының мамандары кентте бірқатар шаралар атқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудан әкімі Руслан Рүстемов пен ел ағасы Зинаддин Шермағамбетов пойыз мүшелерін бастап, аудандағы Ұлы Отан соғысының ардагері Махметжан Сапарбаевтың шаңырағына барды.

Ардагердің бүгінгі хал-ахуалына қаныққан «Менің Қазақстаным!» пойызының директоры Ғазиз Телебаев ардагерді Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, мерекелік сый-сияпат жасады.

Өңір басшысының айтуынша, бүгінде аудан бойынша 12 соғыс ардагері бар. Оларға тиісті дәрежедегі көмектер көрсетіліп, алдағы мерейтойға қызу дайындық жүргізіліп жатыр.

Емен-жарқын сұхбат барысында ардагер отты жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі бейбіт заманның берекелі бастамаларына, соның ішінде «Менің Қазақстаным!» пойызына батасын берді.

Айтакетейік, Махметжан Сапарбаев I-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені мен басқа да Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Ол - елге қосқан елеулі еңбегі үшін Тәуелсіз еліміздің «Құрмет» орденін де таққан адам.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2015 г. 925 0