«Менің Қазақстаным» пойызы Арал ауданына келді

«Менің Қазақстаным» пойызы Арал ауданына келдіБүгін «Арал теңізі» теміржол вокзалында аудан халқы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» үгіт- насихат пойызын күтіп алды.


Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары салтанатты рәсімде шашу шашып, пойыз мүшелеріне арнау айтты. Қонақтарды аудан әкімі бастаған топ және ардагер ағалар қарсы алып, өңір басшысы Абзал Мұхимов меймандарға оң сапар тіледі.

-Құрметті қонақтар! Биылғы Қазақстан халқы ассамблеясы жылына байланысты шыққан мерекелік пойыздың ауданға келуін аралдықтар болып зор ықыласпен күттік. Өйткені, ел бірлігі барша қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Елбасымыз айтқандай, «Біз тағдыры ортақ, бірлігі жарасқан біртұтас елміз! Еліміздегі халықтар бірлігі қарсаңында келген қадамдарыңызға нұр жаусын! Қазақстан халқының Ассамблеясы жылына орай киелі Арал өңіріне қош келдіңіздер!», - деді Абзал Мұхимов.

Биылғы жыл - Ассамблея жылы. Биылғы жыл - бірлік жылы. Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде «бірліктің» маңызы зор. Бірлік пен ынтымақты қазақ халқы - ең қымбат қазына деп қастерлеген. Сондықтан да біз біріншіден, Сыр өңіріне Қазақстан халқы Ассамблеясын насихаттауға, екіншіден пойыздағы бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтін мүшелер болып, Арал халқына қызмет етуге келдік», - деді үгіт пойызының директоры Ғазиз Телебаев.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 сәуір 2015 г. 773 0