Жеке кәсіпкер
Төребек Игіліков Ақеспе елді мекенінде өз қаржысы есебінен тәулігіне 200
тоннаға дейін балық сақтайтын тоңазытқыш ашқан. Мұнда күніне 8 тоннаға дейін
балық қатыруға мүмкіндігі бар. Бүгінгі күнге дейін аталған цехта 3000 тоннаға
дейін балық ауланып, сақталды. Ауылдың 7
адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Цехтың жұмысымен аймақ басшысы Қ.Көшербаев
танысып, балықшылармен кездесті.
Жалпы, облыста жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан астам 8 балық өңдеу
зауыттары жұмыс істейді. Бұл зауыттардың 6-уы Аралда және 2-уі Қазалы
ауданында. Теңіз жағалауындағы ауылдарға осындай шағын цехтар балықты қатырып,
зауыттарға жөнелтеді.
Барлық зауыттардың негізгі өнімдері - балық филесі, ысталған, мұздатылған,
қатырылған балық, балық ұны.
Өндірісті өрістетіп
отырғандардың бірі Бөген ауылында «Бақыт» шаруа қожалығы. Осы ауылдан балық
аулап, оны тазартып, мұздатады. Балық
қабылдау пунктінде 250 тоннаға балық сақтау мүмкіндігі бар. Қатырылған су
маржаны Қазалы ауданына жөнетіліп, сонда қалдықсыз өңделеді.
Соңғы 2 жылда облыста балық өңдеу көлемі 2 есеге артты. Негізінен,
балық өнімдері республика аумағы мен ТМД елдеріне (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан) және Еуропаға экспортталуда. Биыл
Арал теңізінің өзінен 7212 тонна балық аулау жоспарланып отыр.