Шығыс Қазақстан облысы Өскемен
қаласында жазғы Президенттік көпсайыстан түрлі жас ерекшеліктері бойынша өткен
Қазақстан чемпионатында қызыдылордалық
ардагер спортшылар табысты өнер көрсетті. Атап айтсақ, 60 жастан жоғары жастағы әйелдер арасында Алла Мян 188 ұпаймен жеңіс тұғырына көтерілді.
40-49 жас аралығында 205 ұаймен Ирина Юнгкинд күміс жүлдені еншілесе, Малика Омарова 178 ұпай жинап, қола жүлдеге
қол жеткізді. 60 жас аралығында сынға түскен Сергей Мещанинов 229 ұпаймен
үшінші орыннан көрінді.
Енді ардагер спортшылар үстіміздегі
жылдың 21-26 шілде аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында
болатын Қазақстан чемпионатына қатысады.