Тұрлыханов турниріндегі тартыс

Тұрлыханов турниріндегі тартысАлматыда Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен 1998-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Биыл 16-шы мәрте ұйымдастырылған турнирде 10 салмақ дәрежесі бойынша үздік палуандар анықталды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.


Қанат Көбегенов, Азамат Сатыбалдиев және Фанис Давлетов сынды жаттықтырушылар дайындаған қызылордалық спортшылар 3 жүлдені иеленіп, маусым айында Үнді елінің Дели қаласында болатын Азия чемпионатына қос спортшы Бағдат пен Нұрбақыт жолдама алды.

76 келі салмақта өнер көрсеткен қазалылық спортшы Бағдат Үсен чемпион атанды. 42 келіде Нұрбақыт Әзілхан (спорт интернаты) күміс жүлдені, 63 келі салмақта Расул Батаев (№2 ОМБЖОРМ) қола жүлдені иеленді.

Енді спортшылар 15-19 сәуір аралығында Ресейдің Дондағы Ростов қаласында болатын «Ағайынды Самургашевтар» жүлдесіне арналған халықаралық турнирге қатысады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 сәуір 2015 г. 885 0