Биылғы жылы Қызылорда облысы экспорт әлеуетін арттыруды көздеп отыр, деп хабарлады облыстық статистика департаментінің басшысы Бақыт Сапар журналистермен өткен кездесуде.
Оның айтуынша, Қызылордалық өндірушілер өнімінің дені көрші Ресей еліне экспортталады. Экспорт құрылымында негізгі бөлікті техникалық және ас тұзы - 50,8 пайыз, күріш 48 пайыздан астам және балық алады. Қазіргі таңда Қызылорда өңірінде балық өңдейтін 8 зауыт жұмыс істейді, олардың жалпы жылдық қуаты 11 мың тонна.
Ал «Аралтұз» комбинатында айына 23 мың тоннадан астам өнім өндірілсе, 6 400 тоннасы ай сайын Ресейге экспортталады.