Халықаралық «WorldSkillsKazakstan» байқауының құрылыс саласындағы аймақтық чемпионатының іріктеу кезеңінде қазалылық 18 жастағы Ерсұлтан Қасым «ҮЗДІК ТАС ҚАЛАУШЫ» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болып, Қызылорда облысы Білім басқармасының дипломымен марапатталды, деп хабарлады Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ерсұлтан Қанатұлы Қасым - 1997 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылында дүниеге келген.
Қазіргі таңда Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығының «Тас қалаушы» біліктілігі бойынша ІІІ курс студенті. Колледж қабырғасында түрлі пәндік олимпиадаларға, мамандық конкурстарына қатысады.
Ерсұлтан алдағы уақытта үстіміздегі жылдың 8-10 сәуір аралығында Астана қаласында өткізілетін Ұлттық сайысқа қатысуға жолдама алды.
Бүгінгі таңда ҚР Колледждер ассоциациясы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «WorldSkillsKazakstan» Ұлттық чемпионатына қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде.