Қазалыда әжелер мен немерелер сайысы өтті

Қазалы ауданы Әйтеке би кенттік клубының ұйымдастыруымен кенттегі мектеп пен балабақшалар арасында «Мен әжемін ұрпағын әлдилеген» атты әжелер мен немерелердің жұптық сайысы өткізілді.
Сайысқа «Балапан», «Ақбота», «Балдырған» балабақшасынан және №165, №204, №70, №249 мектеп-лицейден 7 жұп қатысты. Медиицина қызметінің үздігі, зейнеткер дәрігер, құрмет белгісі орденінің иегері София Досмаилова, Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Гүлжахан Шалболова, «Серік ТВ» телеарнасының бас редакторы, тілші Раушанбек Сейтенов қазылық жасаған сайыс нәтижесінде І орынды «Балапан» балабақшасының қызметкері Көшімова Нәзипа әже мен немересі Мерей Жеткерген, ІІ орынды «Ақбота» балабақшасының қызметкері Темірашова Кенжегүл әже мен немерелері Ақерке Қолдасбай, Сұлтанханым Қолдасбай, Аружан Жасан, ІІІ орынды №70 мектептен Айтбаева Бағдат әже мен немересі Лира Қанағат иеленді.
Сондай-ақ, түрлі номинациялармен өнерлі жұптар марапатталып, сайыс жеңімпаздарына арнайы жүлделі дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2015 г. 1 194 0