Бұл жөнінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасының директоры Руслан Досмаханов Қызылордада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың, ҰКП басқарма төрағасы Абылай
Мырзахметовтің, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың және аймақ кәсіпкерлерінің
қатысуымен өткен Өңірлік кеңестің кеңейтілген
отырысында айтты.
Атап
айтқанда, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен кәсіпкерлерді құқықтық қорғау
бағытында 178 өтініш қаралып, оның 138-і немесе 78 пайызы оң шешілді. 6 рет өткізілген Кәсіпкерлердің құқығын
қорғау кеңесінде қаралған 15 мәселенің
12-сі немесе 80 пайызы оң шешімін тапты. Палата эксперттерімен 24 сот ісінде кәсіпкерлердің құқығы
қорғалып, оның 18-і оң шешілді.
Нәтижесінде кәсіпкерлер 650 млн.теңгесін
сақтап қала алды. Кәсіпкерлерден түскен өтініштер бойынша Қызылорда
облысының прокуратурасымен бірге жүргізілген тексерулер нәтижесінде мемлекеттік
органдардың 16 лауазымды тұлғасы
тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік кедергілерді азайту
мақсатында мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына жүргізілген қоғамдық
мониторинг барысында Палатамен 47
бұзушылық анықталып, 61 ұсыным
берілді. Мұнан өзге, кәсіпкерлердің
мүдделерін білдіру мақсатында Кәсіпкерлер палатасының өкілдері барлық
консультативтік-кеңесші органдарға енгізілген. Облыстық кәсіпкерлер палатасының
құрылған сәтінен бастап барлық консультативтік-кеңесші органдар бойынша 231 отырыс өткізіліп, қаралған 1203 мәселенің 843-і бизнес-қоғамдастық өкілдерінің бастамасымен көтерілді.