Қызылорда облысы бойынша сайлау барысын 345 байқаушы қадағалайды

Қызылорда облысы бойынша сайлау барысын 345 байқаушы қадағалайдыҚызылорда облысында ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалы құрылды. Мұндай бірлестік алғаш рет құрылып отыр. Сондықтан бірлестіктің құрылуы сайлау жұмыстарының жүргізілу барысын заңға сәйкес болуына ықпал жасайтыны анық.


Бұл туралы бүгін бірлестіктің облыс бойынша филиалының төрайымы болып сайланған Мария Жомартқызы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте хабарлады.

- Комиссияның мақсаты - сайлау барысының заңға сәйкес, талаптарға сай жүргізілуін бақылау. Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу тәртібі мен ережелерінің сақталуын қадағалайды. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін облыс бойынша 345 ерікті байқаушылар тіркелді. Олардың ішінде ұстаздар, зиялы қауым өкілдері, зейнеткерлер де бар. Олар бүгінде өз міндеттері мен құқықтарын жетік меңгеріп, өз функцияларымен таныстырылуда. Байқаушылар жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз ету мақсатында семинарлар, қоғамдық рейдтер жүргізіліп отыр. Бірлестік жұмысының нәтижелерін жаңадан ашылған RKBsailaukiz@mail.ru сайтында жариялап отырамыз, - деді бірлестік төрайымы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 наурыз 2015 г. 692 0