Бүгін Тимур Құлыбаев Қызылорда қаласына іссапармен келді

Бүгін Тимур Құлыбаев Қызылорда қаласына іссапармен келді2015 жылғы 30 наурызда Қызылордада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың, ҰКП-ның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың және аймақ кәсіпкерлерінің қатысуымен Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді.Кеңес отырысында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмахановтың Палатаның 9 басым бағыттары бойынша хабарламасы тыңдалып, өңірде Индустрияландыру картасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы, отандық тауарөндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды.

Индустрияландырудың бірінші бес жылдығында Қызылорда облысында жалпы құны 60,8 млрд.теңгені құрайтын 15 жүзеге асырылып, 1 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.
Соның ішінде аса маңыздылары:
1) Күкірт-қышқыл зауытының құрылысы, «СКЗ-U» ЖШС;
2) Құмкөл газотурбиналық стансасында әрқайсысы 25 мВт-тық 2 қосымша газотурбиналық құрылғының құрылысы, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ;
3) Газды пайдалану бойынша ІІ кешен құрылысы, «Қазгермұнай» АҚ.
Іске қосылған 15 жобаның 7-еуі толық қуаттылықта жұмыс жасауда.
Екінші бес жылдықта жалпы құны 139,2 млрд.теңгені құрайтын 22 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Нәтижесінде жобалардың құрылыс кезеңінде 2 мың, тұрақты 2,4 мың жұмыс орны ашылмақ. Соның ішінде биыл 8426 млн.теңгенің 11 жобасы жүзеге асырылуда.
Мәжіліс барысында ҰКП Төралғасының төрағасы Тимур Құлыбаев мемлекеттік сатып алулар мен ұлттық компаниялардың сатып алулары отандық бизнесті дамытуда пәрменді күшке айналуы тиіс екендігін айта келе, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеттерінің бірі – отандық өндірушілерді ұзақмерзімді келісім-шарттармен қамтамасыз ету. Қазақстандық бизнес ұлттық компаниялардың сатып алуларын игере алуы тиіс және игере алады да», - деді.
Аймақта отандық тауарөндірушілерді қолдау бағытында да қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Өңірдің тауарөндірушілері күріш, сүт, макарон, сондай-ақ шұжық және өзге де өнімдердің кең түрлерін ұсынуда.
Осы ретте, «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында Қызылорда қаласының ірі 15 сауда үйінде және 17 супер және шағын маркеттерде секциялар ашылып, арнайы логотиптер жапсырылған отандық тауарөндірушілердің тауарлары орналастырылды.«Ажар»,
«Жайна», «Мирас», «Сұлтан», «Универсам», «Халықтық», «Small»сынды халық көп шоғырланатын орындар отандық тауарөндірушілердің өнімдеріне көрнекті жерлерді ұсынды. Сондай-ақ, облыстың аудандарындағы 36 ірі магазинде де осындай шаралар қабылданды.
«Қазақстанда жасалған» акция қызылордалықтар арасында үлкен қолдауға ие болып, БАҚ және түрлі мәдени-көпшілік шаралар арқылы облыс тұрғындарымен кеңінен ақпараттандырылуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2015 г. 844 0