Қызылорда қаласында биылғы жылы 40 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Қызылорда қаласында биылғы жылы 40 тұрғын үй пайдалануға беріледіБүгінгі таңда Қызылорда қаласы қарқынды құрылыс алаңына айналып, мемлекеттік бағдараламалар аясында және инвестиция тарту арқылы қала бойынша тұрғын үй құрылысын арттыру бағытында бірқатар маңызды шараларды қолға алып, қала тұрғындарының тұрғын үйге деген сұранысын қанағаттандыру мақсатындағы ауқымды жобалар жүзеге асуда. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.


Атап айтқанда, «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен 540 пәтерлік 11 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау үшін (36 мың 100 шаршы метр) - 1 млрд. 069 млн. теңге бөлініп отыр.

Бұл қаржы, «Ипподром» ауданындағы 19 мың 722 шаршы метрге, 300 пәтерді құрайтын 6 несиелік тұрғын үй құрылысының және «Арай-2» мөлтек ауданындағы 16 мың 378 шаршы метрге, 240 пәтерді құрайтын 5 несиелік тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін жұмсалатын болады.

Жалпы 2015 жылы Қызылорда қаласы бойынша пайдалануға тапсыру жоспарланған тұрғын үйлердің барлығы 130 мың 200 шаршы метрлік 2 мың пәтерді құрайтын 40 тұрғын үйді құрап отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 наурыз 2015 г. 886 0