Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Базартай Жандос Нұртайұлы қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Жандос Нұртайұлы 1987 жылдың 16 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2005-2009 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы және 2009-2011 жылдары аталған университеттің «Тарих мамандығы бойынша педагогика, ғылымының магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының көмекшісі қызметінен бастаған.
2009-2012 жылдары «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы, Қызылорда облысы бойынша «Жас Отан» корпоративтік қорының директоры болды.
2012 жылы V шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты боп сайланған. 2012-2014 жылдары Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы қызметінде, 2014 жылдан осы уақытқа дейін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.