Қызылордалық жас спортшылар жүлделі оралды

Қызылордалық жас спортшылар жүлделі оралды Ресейдің Рязань қаласында таеквондодан өткен халықаралық жарыста қызылордалық спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі оралды. Қазақстан құрама командасы олжалаған 1 алтын Қызылорда облысы спортшысының еншісінде. Жарысқа мықты деген 1500 спортшы 40 салмақ дәрежесінде қатысты. 

Халықаралық жарыста облысымыздың намысын абыроймен қорғаған жастар арасында сынға түскен №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Айнұр Есбергенова 52 келі салмақта чемпион атанды. 
Жасөспірімдер арасында №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінен Жібек Көпен +59 келіде күміс жүлдені иеленсе, Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат спортшысы Айым Тоғман 51 келіде қола жүлдені иеленді. 
Спортшылар сәуір айында Қытайдың Тайпей қаласында болатын Азия чемпионатына қатысады. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2015 г. 726 0