Казпочтада «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасауда

Казпочтада «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасаудаХалыққа сапалы қызмет беру мақсатында Қызылорда қаласының Ғ.Мұратбаев көшесінде орналасқан казпочта ғимаратында Халыққа қызмет көрсету орталығының «өзіне-өзі қызмет көрсету» секторы жұмыс жасауда. Бұл саланың халыққа тиімділігі әрбір азамат өзіне қажетті құжаттарды жақын аймақтан, жылдам, әрі аз уақыт ішінде алуына мүмкіндік бар. Сонымен қатар, электрондық қызмет түрлерін пайдалану арқылы  анықтамалар алып, төлемдер жасай алады. Нақтырақ айтқанда төмендегі қызметтерді пайдалануға құқылы:
 -  ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы (pki.gov.kz) порталы арқылы электронды сандық қолтаңба (ЭЦҚ) алу;
 -  электронды үкімет порталы арқылы зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу;
 -  мекен-жай анықтамаларын алу;
 -  бизнесті тіркеу және дамыту, көлік салығын төлеу;
 -  бала-бақша кезегіне тұруды, тұрғын үй кезегінің номерін қарау;
 -  ұялы байланыс телефондарына egov.kz порталы арқылы төлем жасау. 
 
Қызылорда қаласының №1 бөлімі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2015 г. 2 085 0