ҚР ОСК президенттікке тіркеу кезеңінің қорытындысын шығарды

ҚР ОСК президенттікке тіркеу кезеңінің қорытындысын шығардыҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткерлерге тең жағдай жасады. Бұл туралы бүгін ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев мәлім етті.


«Бүгін 25 наурызда біздің тіркеу мерзіміміз аяқталды. Президент сайлауын бекіткеннен бастап, қажетті жұмыстардың барлығын атқардық. Қаншама семинар, отырыстар өтті. Сайлау науқанын кезең-кезеңге бөліп қарастырсақ, бүгін бірінші кезеңі аяқталды. 26 ақпаннан бастап, президенттік сайлауға кандидаттар өздерін ұсына бастады. Өздеріңіз білетіндей, 27 кандидат Орталық сайлау комиссиясына үміткер ретінде өз өтініштерін берген. Соның ішінде, 25 кандидат өз өзін ұсынған, екі кандидат республикалық қоғамдық бірлестік жоғарғы органынан ұсынылды. Ұсынған азаматтардың арасында екі әйел болды: Қойшиева Лимана және Өтепова Айгүл. Кандидаттардың орташа жасы - 54 жаста екен. 2005 жылмен салыстырғанда, сол жылы 18 кандидат өтініш берген екен, оның ішінде үш кандитдат қалған. 2011 жылы 22 кандидат өтініш берген, оның ішінде төрт адам қалған», - деді ол.

Б.Мелдешевтің айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы бекіткен Лингвистикалық комиссия он тоғыз отырыс өткізді. Соның ішінде, он жеті отырыс кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтауға арналған. Лингвистикалық комиссияның отырысына барлығы он бес адам келді. Жеті кандидат қазақ тілін еркін меңгергендігін дәлелдеді. Лингвистикалық комиссияның отырыстары өте жоғары деңгейде өтті.

«Кандидат ретінде үш азамат тіркелді. Олар: Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы, Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы және Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы. Бұл азаматтарға ОСК отырыстарында кандидаттың куәліктері берілді», - деді Б.Мелдешев.

«Өздеріңіз көріп отырсыздар, бар үміткерлерге біз тең жағдай жасадық. Барлығы заңды түрде өтті. Енді Орталық сайлау комиссиясында кандидат ретінде тіркелген үш азамат ертең, 26 наурыздан бастап, өз үгіт жұмыстарын бастай алады», - деді ҚР ОСК хатшысы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2015 г. 571 0