Елбасы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың туған-туыстарына көңіл айтты

Елбасы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың туған-туыстарына көңіл айттыЕлбасы Germanwings авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.


Жеделхатта ұшақ апатынан қазақстандықтардың қаза тапқаны туралы хабарды Мемлекет басшысының күйзеле қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев олардың туған-туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету, марқұмдардың сүйегін анықтау және Отанына жеткізу жөнінде Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына тапсырма берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2015 г. 771 0