Қызылордада облыс жастарының ХІ еңбек маусымы ашылды

Қызылордада облыс жастарының ХІ еңбек маусымы ашылдыКеше А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жасыл ел» және студенттер құрылыс жасағының еңбек маусымы салтанатты түрде ашылды.  

Кеш аймақтағы еңбек жасақтары туралы әзірленген бейнебаянмен ашылып, еңбекқор жастарға жолдама табысталды. Сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғайнулла Жарқынбаев сөз алып, жастарға сәттілік тіледі.

Бұл жерде жұмыс жасаған жастар өңіріміздің құрылыс салаларында, сонымен қатар көркейту, көгалдандыру жұмыстарына барынша белсенді атсалысатын болады. Еліміздің жастарын біріктіріп, оларға жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Айта кетейік, «Жасыл ел» еңбек жасағына 2013 жылы 500-ге жуық қызылордалық тартылса, 2014 жылы 1010 жас аталмыш жасақта еңбек етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 наурыз 2015 г. 737 0