Судьялар мүгедектерге қаржылай жәрдем берді

Судьялар мүгедектерге қаржылай жәрдем берді«Жомарт болу - өзінде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу». Бүгінде қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Осыны мақсат еткен судьялар мүмкіндігі шектеулі 1 және 2 топтағы жанарынан айрылған мүгедектерге көмек көрсетті, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.


Осылайша Судьялар Одағы тарапынан Қазақ соқырлар қоғамында есепте тұратын мүгедектер арасында өткізілетін наурыз айындағы мерекелік іс-шараларға қаржылай қолдау жасалынды. Жалпы Судьялар Одағының Қызылорда облысы филиалымен осындай қайырымдылық шаралары жиі өткізіліп тұрады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, тұрмысы төмен отбасыларға және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға да көмек қолдарын созу дәстүрге айналған. Ал, бүгінгі өткен іс-шара осының бір парасы ғана.

Өз кезегінде қоғамның мүшесі Жетес Тәжібаев ұжым атынан риясыз көңілін білдірді, шын жүректен алғысын жеткізді, қызметтерінде тек абырой биігінен көрінуге тілектестігін айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 наурыз 2015 г. 867 0