Қызылордада өткен жас ақындар айтысы жаңаша бағаланды

Қызылордада өткен жас ақындар айтысы жаңаша бағаландыҚызылордада «Мәңгілік елім - мәртебем» атты республикалық жас ақындар айтысы мәреге жетті. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай өткізілген айтысты Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.


Жер-жерден келген сөз зергерлері елдікті, бірлікті, ынтымақты жырларына арқау етті. Сөз сайысын белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жүргізді.

Аламанның тағы бір ерекшелігі, қазылар ақындардың өнерін жаңаша үлгіде бағалады. Әр қазы спорттағыдай әрбір кезек, әрбір шумаққа компьютер батырмасын басу арқылы ұпай берді. Ал ол ұпайлар көрерменнің алдында экраннан көрсетіліп тұрды.

Сонымен, жаңашылдыққа толы жас ақындардың айтысында бас жүлде Марат Сүгірбаевтың қанжығасына байланды. І орынды Қажымұқан Абзалов иеленді. ІІ орынды Бек Шымат алса, ІІІ орын Ержеңіс Әбдиевке бұйырды. Қалған ақындарға да арнайы сыйлықтар үлестірілді, деп хабарлайды kazaitys.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 наурыз 2015 г. 1 023 0