"Мұз айдыны" спорт кешенінде Ұлыстың
ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған облыс мәслихаттары депутаттары мен
аппараттары қызметкерлері арасында үстел тенисінен облыстық жарыс аяқталды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, өзара байланыс
пен сенімді нығайту бағытында өткізілген жарысқа Қызылорда қаласы мен
аудандардан 8 команда қатысты.
Жарыс нәтижесінде Жалағаш ауданы көш бастаса, Қызылорда облысы екінші
орынды, Шиелі ауданы үшінші орынды иеленді.
"Үздік ойыншы" номинациясын Нәйла
Палымбет (Шиелі ауданы) иеленсе, Қызылорда қаласы "Белсенді команда"
аталымына лайык деп танылды.
Жеңімпаздар
мен жүлдегерлерді облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова марапаттады. Биыл алғашқы мәрте
ұйымдастырылған жарыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізілетін болады, деп хабарлайды облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.