Таразда ересектер арасында самбодан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында облысымыздың намысын қорғаған жерлестеріміз 4 алтын, 4 қола медаль олжалап, жеңіс туын желбіретті, деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Айтулы жарыста еліміздің барлық аймағынан келген самбошылар үш күн бойы бақ сынап, өзара мықтыларды анықтады. 48 келі салмақта Аида Ермаш (№1ОМБЖОРМ), 62 келі салмақта Дархан Сержанов, 68 келі салмақта Мақсат Нұрәлиев (екеуі де Байқоңыр қаласынан), 100 келі салмақта Нұрым Сәлімгереевтер (Қармақшы ауданы) чемпион атағын жеңіп алып, жеңіс тұғырына көтерілді.
48 келіде Жазира Каренеева (№5 БЖСМ), 64 келіде Мархабат Бақытбекова (Жалағаш ауданы), 80 келіде Гүлім Сағымбай (№1ОМБЖОРМ), 90 келіде өнер көрсеткен Мақсат Исақабыловтар (Қармақшы ауданы) чемпионаттың қола жүлдесін иеленді.
Жеңімпаз атанған спортшылар маусым айында Түркіменстанда Азия чемпионатына және қарашада Марокко елінде болатын Әлем чемпионатына қатысады.