Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2014 жылдың қорытындылары бойынша республика стационарларының рейтингісін жариялады. Ауруханалар қызметіне баға беру қорытындылары бойынша, ересектерге арналған көп профильді стационарлар арасында бірінші орынды – Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталығы, екінші орынды – Қостанай облыстық ауруханасы, ал үшінші орынды – Атырау қаласындағы облыстық ауруханасы иеленді.
ДСДРО сарапшылары еліміздің 94 көп профильді стационарларына баға берген. Оладың арасында 15 – облыстық, 49 – қалалық, аймақтардағы 15 мамандандырылған балалар ауруханасы мен қалалардағы 15 балалар стационары бар. Рейтинг ауруханалардың әр түрі бойынша жеке жасалды.
Медициналық мекемелерге баға беру – ДСДРО мамандарымен жыл сайын өткізіледі. Басты мақсат – республика халқына медициналық ұйымды еркін таңдау мүмкіндігін беру және аймақтардағы менеджмент жағдайын анықтау.