Кеше Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық округінің кітапханасында ауыл кәсіпкерлігін қолдау онлайн орталығының ашылу салтанаты өткізілді.
Бұл жобаға БҰҰ даму Бағдарламасы қолдау берген Жалағаш ауданының «Мәдениет», «Аққұм» ауылдық кітапханалары базасында іске асырылуда. Онлайн - орталықтардың жұмысына әдістемелік – практикалық басшылықты Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы ұйымдастырды. Жобаға қатысушы ауыл кітапханалары жоба аясында компьютер, МФУ және интернетті пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Онлайн орталықтың ашылуына ауыл әкімі Темірбек Төлегенов, Қызылорда облыстық БҰҰ Даму Бағдарламасының менеджері Баян Егізбаева өз құттықтауларын жолдап, ізгі тілектерін білдірді.
Шара барысында қатысушыларға жоба туралы толық ақпарат беріле отырып, арасында кітапханамыздың тұрақтары оқырмандары әннен шашу шашты.