Қызылордада аймақтық үйлестіру кеңесі мембағдарламалар аясында автокөліктерге арналған заманауи газ құю стансасын ашуға қолдау көрсету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Жоба авторлары – «Газтрейд» ЖШС, -деп мәлімдеді BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Даму» қоры филиалының менеждері Анар Қожаниязова. – Газ құю стансасын ашуға кредит қаржысы «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы рәсімделеді. Аталмыш жоба өңір халқы үшін өте маңызды екенін айта кеткен жөн. Автокөлікке газ құю бензинмен толтыруға қарағанда екі есеге арзан. Ал мамандандырылған газ құю стансасының ашылуымен кез келген жүргізуші техникалық сервис орындарында көлігін газға ауыстырып, отбасылық бюджетін үнемдей алады».
Естеріңізге салып өтсек, жыл басынан бері Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 900 млн теңгеге тарта соманың 16 жобасы мақұлданды.