Бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың кандидатурасының ҚР Президенттігіне ұсынылуына орай 500-ден аса қызылордалық белсенді жастар орталық алаңға жиналып, флэшмоб өткізді.
Шараны өткізуге Қызылорда облысының белсенді жастар ұйымдары ұйытқы болды. Негізгі мақсаты - ел болашағы үшін сайлаудың жастар арасындағы маңыздылығын жеткізу. Сонымен қатар жаңа қазақстандық патриотизмді, ұлттық рухты қалыптастыру, егеменді еліміздің қол жеткізген жетістіктерін дәріптеу, өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбилеу, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысын насихаттау болып табылады.
Флэшмобқа белсенді жастар ұйымдарының жетекшілері, ерікті жастар, жастар комитеттері мен жастар парламентінің депутаттары қатысты.
Шарада сөз алған «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Әлішер Қардашов өз сөзінде Президент сайлауына қатысудың ел тарихы үшін маңызды екенін және үлкен жауапкершілік жүктейтінін айта келе, жастарды Президент сайлауына белсене қатысуға шақырды. Және бірауыздан Елбасын қолдайтындықтарын жеткізді.
Шара барысында жастар орталық алаңда флэшмоб көрсетіп, патриоттық әндер шырқады.