«Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімі мен Қазақстан студенттер Альянсы Қазалы ауданы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіске 70 жыл толуы мерекесіне орай ауданның белсенді жастары Әйтеке би кентіндегі Ұлы Отан соғысының ардагері Асқаров Қайраддин ақсақалды мерекесімен құттықтауға және отбасы шаруашылығына арнайы көмек беру үшін оның шаңырағында болып қайтты, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан студенттер Альянсы Қазалы ауданы бойынша көшбасшысы Еркін Құсан Қайраддин ақсақалға белсенді жастар атынан ақ тілегін білдірді. Сонымен бірге «Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің басшысы Олжас Ахметов ардагерді мерекесімен құттықтап, арнайы дайындаған сыйлығын табыстады.