Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов бірқатар Қытай инвесторлармен кездесті. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Нақтырақ айтқанда, «Masteel» -дің еншілес «Anhui Masteеl Engineering» және «Huatian Engineering» компанияларының басшылығы, сондай-ақ аталған компаниялардың қазақстандық әріптестері: «Ferrum - Vtor» ЖШС-нің құрылтайшысы Абдурашит Омаров және бас директоры Руслан Омаровпен кездесті.
«Masteel» компаниясы - Қытайдағы болат құюмен айналысатын ірі компаниялардың бірі. Зауыт жыл сайын 20 млн.тонна болат өндіреді және әлемнің 20 үздік металлургиялық компанияларының қатарына енген.
Бұған дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшыларының ҚХР-ға сапары аясында Палата мен компаниялар арасында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылған болатын.
Қызылордадағы кездесуде делегаттар қазақстандық әріптестерімен бірге Қызылорда облысы аумағында металлургиялық комбинат салғысы келетіндігін айтып, комбинатты салу барысында қосымша мердігер ретінде жергілікті компанияларды тарту шарттарын талқылады.
Жоба жүзеге асқан жағдайда жылына 1 млн.тонна метал бұйымдарын шығарып, 3000 адамды жұмыспен қамтитын болады. Жоба құны - 800 млн.доллар», - дейді кәсіпкерлік палатасының директоры Р.Досмаханов.