Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтті. Оған 48 елдің спортшылары қатысты.
Айтулы сында жақсы өнер көрсеткен қызылордалық Ислам Салимов 200 метрге жүгіруден күміс жүлдені иеленсе, 400 метрге жүгіруден үшінші орынды еншілеп, ҚР рекордын жаңартты, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Содан кейін Шардж қаласында өткен халықаралық турнирде Ислам 200, 400 метрге жүгіруден және ұзындыққа секіруден қола жүлдені олжалады.
Исламның бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеевтің айтуынша, осы екі турнирдің нәтижесіне сәйкес ол мамыр айында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында болатын әлем чемпионатына жолдама алды.