Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХҮІІІ конференциясы өтті. Жиынның күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясының ХҮІ сьезіне делегаттар сайлау туралы мәселе қаралды.
Облыстық партия филиалының төрағасы, өңір басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалымен өткен конференция жұмысына облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партия ардагерлері мен белсенділері «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Бүгінгі конференция барысында облыстық партия филиалынан ХҮІ сьезге 60 делегат сайланды. Олардың ішінде Сыр өңірінен шыққан белгілі қоғам қайраткерлері, парламент депутаттары, сондай-ақ танымал спортшылар да бар.