Кәсіпкерлерді қолдау орталығы 15 күнде 112 адамға қызмет көрсетті

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы 15 күнде 112 адамға қызмет көрсеттіҚызылорда облысына қарасты Сырдария ауданында ақпан айында ашылған Кәсіпкерлерді қолдау орталығында 15 күнде 112 қызмет көрсетілді, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.


Орталықтың қызметін пайдаланушылардың бірі - жас кәсіпкер Айдана Болатбекова. Ол 2013 жылы жеке кәсібін ашып, бүгінде аралас сауда қызметімен айналысып келеді.

Айдана «бір терезе» қағидасы аясында жұмыс жасайтын Орталықтың арқасында уақытын үнемдеп, жұмысын жедел түрде бітіре алған.

Ол: «Кәсібімді кеңейткім келеді. «Тұшпара цехын» ашуға несие алу үшін Орталыққа жүгінген болатынмын. Орталық қызметкерлері мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес берді. Сонымен қатар, 1 млн. теңгеге бизнес-жоспар дайындап, қажетті құжаттарды жинақтады. Қазіргі таңда бизнес-жоспарым қаржыландыру үшін Қызылорда қаласындағы Өңірлік инвестициялық орталықта қаралуда. Жоспарым қолдауға ие болып, кәсібімді жандандырамын деген сенімдемін», - дейді.

Айта кету керек, Кәсіпкерлерді қолдау орталығында Кәсіпкерлер палатасының, «Қазагромаркетинг» АҚ-ның, «Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның, Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мен консультанттары орналасқан.

Орталық кәсіпкерлерге 20-дан астам қызмет түрлерін ұсынуда. Атап айтқанда: кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары бойынша кеңес беру, мемлекеттік және өзге де актілердің техникалық шарттарын алуда, қаржылай қаражаттарды алуда көмек көрсету және сүйемелдеу. Қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 наурыз 2015 г. 907 0