Әйелін боқтағаны үшін қамалды

Әйелін боқтағаны үшін қамалдыҚызылорда облысында әйеліне дауыс көтеріп, балағат сөздердің астына алған күйеуі қамауға алынды, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Ж. есімді құқық бұзушы өзінің үйінде әйелі М.-ға қарсы ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, үйдегі басқа да азаматтарға сыйламаушылық білдірген", - деп көрсетілген Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сотта құқық бұзушы Ж. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін білдірді. Алайда күйеуіне қатты өкпелеген әйелі сотқа жүгініп, бұзақы күйеуіне заңға сай шара қолдануын сұраған.

Қазалы аудандық соты Ж. есімді азаматты кінәлі деп танып, 2 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 наурыз 2015 г. 1 140 0